БАТЫРХАН ШӨКЕНОВ СЫР ЕЛІНДЕ ТУҒАН
Қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер Батырхан Шүкенов 1962 жылдың 18 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында Батырханнан басқа 2 ер бала мен қарындасы болды. Батырхан ата-анасының ортаншы ұлы еді. Әкесі — Қамал Шүкенұлы Шүкенов (1935—2011), 1970 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда облысының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
1989 жылы Батырхан бастаған музыканттар тобы өзінің алғашқы бүкілодақтық хиты «Джулияны» шығарды. Алла Пугачева бірден топпен танысып, оларды Қазақстаннан Мәскеуге шақырады. Кейін А’Студио бүкіл елге танымал болып, атағы шығады. Тығыз гастрольдық кестелер, пластинка жазылымдары, Батырдың орындауындағы жаңа әндер. А’Студио жиі Мәскеуде көпшілік алдына шығып, сахнада өнер көрсеткендіктен, ол ресейлік топ болып саналып кетеді.
2007 жылдан 2015 жылға дейін Батырхан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы кеңесшісі қызметін атқарады.
2009 жылдың 20 қарашасында Батырхан Шүкенов Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Ұлттық елшісі жарияланады. Ал 1 жылдан соң, Алматыдағы қайырымдылық бал комитеті құрамына енеді.
2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті бұйрығы бойынша Батырхан Шүкеновке «Қазақстан өнеріндегі еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді.
2013 жылы «Россия-1» телеарнасындағы «Живой звук» телебағдарламасының жеңімпазы атанды.
2015 жылы әртіс «Россия-1» телеарнасындағы «Один в один!» музыкалық бағдарламасына қатысып, оның ақтық сайсына қатысуға дайындық жасап жүрген кезінде, дүниеден өтті.