» » » БАТЫРХАН ШӨКЕНОВ АТЫНДАҒЫ "ОТАН-АНА" КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

БАТЫРХАН ШӨКЕНОВ АТЫНДАҒЫ "ОТАН-АНА" КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қызылордада ҚР Еңбегі сіңген қайраткері, әнші және композитор Батырхан Шөкенов атындағы "Отан-Ана" ІІ республикалық әншілер конкурсы аяқталды.
Конкурс 16 мен 18 мамыр аралығында өтті. Бірінші күні қатысушылар жеребе алып, орындау реттігін анықтаса, екінші күні - яғни 17 мамырда конкурстың негізгі бөлігі ұйымдастырылды. Онда конкурсанттар 2 ән орындады, оның бірі Батырхан Шөкеновтың репертуарынан болды.
…Биыл ән сайысына еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан мемлекетінен 25 орындаушы қатысты.
Қазылар алқасының құрамында Дильназ Ахмадиева, Ринат Гайсин, Еркеш Шакеев, Олжас Байканов (ұзақ уақыт бойы Батырхан Шөкенов атындағы қордың директоры болған), сондай-ақ, ҚР Еңбегі сіңген қайраткер Ержан Әбдрахманов бар.
Әділ қазы мүшелері орындаушының әрбір әнінің техникасы мен тембріне мән беріп, дауыс күші мен әртістік қабілетін бағалады.
Сонымен, Бас жүлде Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ерік Төленовке бұйырды. Бірінші орынды қарағандылық Гүлнар Көшенова, екінші орынды Батыс Қазақстан облысынан келген Сартуков Айымбек және үшінші орынды қызылордалық Индира Баймбетова мен астаналық Күләйім Қайырбаева иеленді. Сондай-ақ, Шөкеновтер отбасының арнайы жүлдесімен алматылық Еңсепов Сырымтай, қала әкімінің арнайы жүлдесімен ақтөбелік Нұртас Омаров және қызылордалық Тұрғанәлі Шарапов марапатталса, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы жүлдесі Маханбетжанова Арайлымға бұйырды.
Сонымен қатар, бүгін 18 мамыр күні конкурсанттар Батырхан Шөкенов ескерткішінің ашылуына қатысып, ескерткіш маңына тал егеді. Кешкілік Қызылорда қаласының орталық алаңында конкурс жеңімпаздары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары Дильназ Ахмадиева, Ринат Гайсин, Әли Оқапов және Рүстем Нұржігіт өнер көрсетеді. Гала-концертте Батырхан Шөкеновтың репертуарындағы әндер орындалады.
Естеріңізге сала кетсек, Қызылордада 16-18 мамыр күндері облыс әкімдігінің қолдауымен Б.Шөкенов атындағы "Отан - Ана" атты ІІ республикалық әншілер конкурсы өтті.
Шараның ұйымдастырушылары - облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және "Таңдау" продюсерлік орталығы.
18 мамыр 2018 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9694)

21 мамыр 2018 ж.

№36 (9693)

19 мамыр 2018 ж.

№35 (9692)

15 мамыр 2018 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031