» » » Батырхан Шөкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні табылды

Батырхан Шөкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні табылды

Батырхан Шөкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні енген альбом жарыққа шығады. Альбом «В нас вселяют любовь» атауымен ел назарына ұсынылады.  Бұл жайында Б.Шүкенов атындағы  «Отан-Ана» атты ІІ республикалық әншілер конкурсы алдында өткен жиында қор директоры Олжас Байканов айтты. «Соңғы жылы біз Батырдың жаңа альбомы бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бұл жинаққа бұрын-соңды ешкім естімеген 13 жаңа әуен енеді. Ал, 20 мамыр күні Мәскеуден әндер жинақталған диск жеткізіледі. Бұл жинаққа Қазақстан ғана емес, көптеген елдердің мамандары бірлескен үлкен топ жұмыс жасады», – деді Олжас Байканов. Сонымен қатар Батырхан Шөкеновпен тығыз әріптестік жұмыс жасаған композитор Ринат Гайсин әншінің тағы да бірнеше әнін өңдеп, жаңартып шығаратынын жеткізді.   «Біз ұзақ уақыт бірлесіп жұмыс жасадық. Мен Батырға арнап бірнеше ән шығардым. Мәселен, бүгінгі конкурста оған арнап жазған «Астана» әні орындалады. Конкурс аяқталған соң, мен Прагаға барып, студия архивінде сақтаулы Батырдың бірнеше әнін жаңартып, қайтадан өңдеймін. Қандай ән екенін әзірге құпия ұстап отырмыз», – деді Ринат Гайсин.   Айта кетейік, Қызылордада 16-18 мамыр күндері облыс әкімдігінің қолдауымен Б.Шөкенов атындағы  «Отан - Ана» атты ІІ республикалық әншілер конкурсы өтуде. Оған еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан мемлекетінен 25 орындаушы қатысуда. Конкурс талабы бойынша, қатысушылар 2 ән орындайды, оның бірі Батырхан Шөкеновтің репертуарынан болуы керек.

18 мамыр 2018 ж. 1 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031