» » Дәрі тапшылығы тұрақталады

Дәрі тапшылығы тұрақталады

ДӘРІХАНАДАҒЫ ДҮРБЕЛЕҢ ҚАШАН БАСЫЛАДЫ? БҮГІНДЕ ЕЛДІ АЛАҢДАТҚАН БАСТЫ САУАЛ ОСЫ. СОҢҒЫ УАҚЫТТА ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ КЕҢ ЕТЕК АЛҒАНЫ СОНШАЛЫҚ, КҮН АСТЫНДА ҰЗЫН-СОНАР КЕЗЕККЕ ТҰРҒАН ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРАСЫ ӘЛІ ДЕ БАСЫЛАР ЕМЕС. ДӘРІЛЕР АПТАНЫҢ АЯҒЫНДА ӘКЕЛІНЕДІ ДЕГЕЛІ МҰНДА ТҰРҒЫНДАР ДӘРІХАНАЛАРДЫ ТОРУЫЛДАП ЖҮР. СЕБЕБІ ҚАЖЕТТІ ПРЕПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ ЖАТЫР. ӨҢІРДЕ ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРҒАН НАУҚАСТАР САНЫ АРТПАСА ӘЛІ ДЕ КЕМІМЕЙ ТҰР. ДӘРІГЕ ДЕГЕН СҰРАНЫС ТА КӨБЕЮДЕ. БҰЛ ДӘРІХАНАЛАРҒА ДӘРІ-ДӘРМЕК КЕЛМЕЙДІ ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС.


Газеттің өткен санында елге қажетті дәрілер апта ішінде келеді деп жазған едік. Уәде еткендей бүгінде кенттегі дәріханаларға дәрілер жеткізілуде. Толық 100 процент әкелінді демесек те дәрілер келді. Аспирин, цефазолин, цефтриаксон, метрид секілді антибиотик дәрілер молынан түсіп жатыр. Алайда дертіне дауа іздеген жұртшылықтың сұранысындағы парацетамол, анальгин, цитрамон препараттары әлі келген жоқ.

Осы сауалдың түйінін шешу үшін өңірдегі барша дәріхананың қызметкерлері, сала басшылары және аудан әкімі кент орталығындағы мәдениет үйінде жолықты. «Таразы басына келелі мәселе түсіп тұр. Елдегі дәрі тапшылығын баршаңыз білесіздер. Бүгінгі таңда дәрінің жеткізілу жағы қалай, бағаны көтеру орын алып жатқан жоқ па? Шешімді жолы қайсы?» деп сөз бастаған өңір басшысы Мұса Қалдарбеков өтімді сауалын ортаға тастады.

Рас, қазіргі таңда ел-жұрт дәріге қол жеткізе алмай жүргенде бағаны көтеру басты қателік. Онсыз да емхана мен дәріхана ортасын тоздырған халықтың шыдамы да шегіне жетті. Ауруханада жатар орын болмағасын үйінде жатып ем алудан басқа амалы қалмады. Қызуды түсіретін дәрі таба алмай дәріхана жағалаған көпшілік келер дәріден үмітті.

Кездесуде сөз алған жеке кәсіпкер Балымша Хамидова дәрі бағасы кентте тұрақты екенін айтып, ел-жұртты сабырға шақырды.

– Қазір дәрі бағасын қымбаттатып, оны көтермелеп сатуға негіз жоқ. Екіншіден, елдің дәріханалардағы бағамды салыстырып қымбат деп жүргені мынада. Мәселен, кез келген дәріні алсақ ол бір фирмадан емес, әр түрлі елден келеді. Сол үшін оның бағасы да түрленеді. Мәселе осында. Соны халық түсінсе деймін. Ал негізсіз баға көтеру болған жоқ, бекітілген мөлшердегіден түсіріп сатпасақ артық көтермейміз, – дейді ол.

Ал қордағы дәрінің жағдайын жеткізген №28 «Шапағат» дәріханасының иесі Серғали Ешниязов әуелгі уақытта бір жылға жететін парацетамол, анальгин секілді дәрінің бір күнде өтіп кеткенін айтты. Тұрғындар шамадан тыс сатып алған. Бүгінде аспириннің 3 мың данасы қорға келіп жетті. Одан бөлек, қажетті дәрі-дәрмектер де бар. Иә, қазір дәріханаға барсаңыз дәрігердің рецептісін сұрайды. Себебі шамадан тыс дәрі сатып алуға болмайды.

Кәсіпкерлердің сөзінен кейін жиынды қорытындылаған аудан әкімі М.Қалдарбеков алдағы уақытта дәрілерді адам басына 5-еуден шектеп сату керегін айтты. Оған қоса сала басшыларына дәрі-дәрмек тапшылығын жою мен баға көтеру жағын қадағалауды тапсырды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
11 шілде 2020 ж. 871 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031