Президент: Таяу күндері халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы алдағы күндердің ішінде шешімін табатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі
Президенттің айтуынша КВИ-ден емдеуге арналған отандық өндірушілердің жаңа препараттарын тіркеу рәсімі жеделдетілген. Осы шаралардың барлығы халыққа қажетті дәрі-дәрмекті ауруханалар мен дәріхана желілеріне тез әрі тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.
«Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жақсарту мәселесіне жеке тоқталғым келеді. Осы мақсатта дәрі-дәрмектерді сертификаттау мерзімі мен тәртібі қысқартылды. Мемлекеттік сатып алудың арнайы рәсімі эпидемияға қарсы қажеттіліктер үшін бір көзден алу бойынша әлеуметтік әдістің мерзімі ұзартылды. Қазақстан Республикасында тіркелмеген вирусқа қарсы препараттарды бір реттік әкелудің тәртібі жеңілдетілді. Мұндай өтініштер бір күннің ішінде қаралады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде.
Президенттің айтуынша КВИ-ден емдеуге арналған отандық өндірушілердің жаңа препараттарын тіркеу рәсімі жеделдетілген. Осы шаралардың барлығы халыққа қажетті дәрі-дәрмекті ауруханалар мен дәріхана желілеріне тез әрі тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.
«Үкімет пен әкімдер халықты барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін шұғыл жұмыс жүргізіп жатыр. Ауруханалар үшін 30 мыңға жуық науқасқа арналған дәрі-дәрмек қоры сатып алынды. Бұл қазіргі қажеттіліктен 70%-дан көп (шамамен 18 мың адам ауруханаға жатқызылған жағдайда). Жұмыс жалғасуда. Бөлшек сауда желісіне қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілуде: 800 мың қаптама парацетамол, аптаның соңына дейін тағы 900 мың қаптама жеткізіледі. Дәріханалар желісіне 150 мың қаптама антибиотиктер жіберілді. Санаулы күндердің ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады. Азаматтардан тағы да өтінерім: дәрі-дәрмекті артық сатып алып, шу мен сұраныс тудырмасаңыздар екен», – деді Президент.