» » Дәрі-дәрмек һәм дәйек

Дәрі-дәрмек һәм дәйек


Анда барсам жоқ, мында барсам тағы жоқ. Әйтеуір ел болып "жоқ" іздеп жүрміз. Ол не дейсіз ғой? Қызу түсіретін дәрі. Соңғы уақытта індеттің жаңа белгілері пайда болды. Пневмония деп аталатын жұқпалы инфекция елді айналып кезіп жүр. Әлсізді сұлатып, сау адамды шыр айналдыруда. Осыдан кейін әбігерге түскен ел-жұрт жаппай дәріхана жағалап, тұмауға қарсы антибиотик дәрілер іздеп сабылып кетті. Ұзын-сонар кезекке тұрып, сатып алудың қамын жасауда. Іздегені табылса игі дерсіз. Соңғы күндері өңірде дәрі тапшылығы айқын сезілуде. Қарапайым халық парацетамол мен аспирин таппай сенделіп кетті. Бұл әуелгі бетперде іздегеннен де бетер болды. Дәріханада дәрі жетіспеуіне не себеп? Бұл жағдай бізді де алаңдатпай қоймады.
Апта ішінде кенттегі дәріханаларға шолу жасадық. Әдетте журналист қауымына көп жағдай таңсық болмағанымен, ел ішінде толғандырар мәселе жетерлік. Халықтың мұң-мұқтажына бірге үңілейік деген оймен осы бір орын алған мәселенің түйінін тарқатуға жауап іздеп көрген едік.
Журналистік рейдтің алғашқы күні. Байқағанымыз дәріханаларда дәрі тапшылығы расымен орын алуда. Оған аралау барысында көзіміз жетті. Мүлдем жоқ деуден аулақпыз. Тек қызу түсіретін, тұмаудың алдын алатын нағыз керек дәрілер келген келгеніндей өтіп кетуде. Сатушылар кейбір адамдардың рецептісіз және шамадан тыс дәрілер сұрайтынын айтады. «Көп мөлшерде сатып алынған соң кейінгі тұтынушыға жетпей қалу жағдай орын алуда» дейді олар. "Дәріханаға препараттар жеткілікті деңгейде неге көптеп әкеліп қойылмайды?" деген сауал көпшіліктен туындауы мүмкін. Өткен аптада дәріхананы аралау барысында баға қою жағы көңілімізді көншітпеді. Кей дәрілердің бағасы шамадан тыс шарықтап кеткен. Онсызда жұрт тиыннан тиын құрап, әупірімдеп жинағанына дәрі алам ба дегенде, бір жағынан ойып тұрып қалтаны қаққаны ерсі емес пе дейсіз?
Келесі бір дәріханаға барғанымызда адам аяғы саябырсып жатыр екен. Ішке екі адамнан артық кіргізбейді. Тәртіп солай. Азанғы 9-да жұмыс басталғаннан мұндағы кіреберіс есікке дамыл жоқ. Кіріп шыққанның іздегені бір. Антибиотик дәрілер. Мұнда да қажетті дәрмектер өтіп кетіпті. Дәріхана қызметкері дәрілердің жетіспеу себебі мынада деп түсіндірді.
– Қазақстандағы дәрі шығаратын фирмалардың дені Шымкентте орналасқан. Ондағы кәсіпорындар жұмысы қазір тоқтап тұр. Себебі ондағы жұмысшылардың көбісі ауырып қалған. Тіпті бері қарай тауар тасымалдаушы көлік жүргізушілерге дейін ем алу үстінде. Сол себепті облысқа қарай келу жағы іркіліс тудырып тұр. Қазір басқа фирмалармен байланыс жасап, дәрілердің келу жағын қарастырып жатырмыз. Бұйырса апта аяғында келеді деген үміттеміз, – дейді фармацевт Шаттық Темірбекқызы.
Байбалам салып, дәріхана жағалап «дәрі жоқ» деп құр дау көтергеннен пайда жоқ. Одан да ауырмаудың жолын қарастырыңыз. Пандемия уақытында көпшілікке баруды тоқтатып, үйде отырып сақтаныңыз. Онсыз да індет ешкімді аяп жатқан жоқ. Қазір сау жүргеннің өзін бір сәтте орны толмас қайғыға әкеліп жатқаны баршамызға белгілі жағдай. Сол үшін жығылғанға жұдырық болмай, карантин талаптарын біркісідей орындап денсаулығымызды күтейік.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
08 шілде 2020 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031