» » ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ОНЛАЙН ТҮРДЕ КӨРУГЕ БОЛАДЫ

ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ОНЛАЙН ТҮРДЕ КӨРУГЕ БОЛАДЫ

Диспансерлік емделушілерге тегін босату үшін аймақтарға қандай дәрі-дәрмектер жөнелтілгені туралы ақпартты енді бірыңғай дистрибьютор сайтының "2018 жылға АДҚ бойынша ақпарат" бөлімінен сілтеме бойынша көруге болады, деп хабарлайды BNews.kz.
"СҚ-Фармация" сайтының арнайы құрылған бөлімінде емделушілер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайы туралы және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша босататын дәріхана туралы барлық қажетті ақпартты таба алады.
Бірыңғай дистрибьютордың басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, бөлімдегі ақпарат күнделікті жаңартылады және емделушілер өзіне ұсынылған дәрі-дәрмектердің дәріханаларға түскенін көре алады. "Пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоқтығын және дәріханаға келгенін білу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан, бұл деректерді ашық жариялау туралы шешім қабылданды", - деді Шария Исмуханова.
Сондай-ақ, сайтта сіз тегін ақпарат алу үшін дәрі-дәрмектердің мекен-жайы мен байланыс телефондары туралы ақпараттарды таба аласыз.
Сонымен қатар, бөлімде қазақстандықтар қажетті препараттардың өз аймағына жөнелту кестесі туралы неғұрлым нақты ақпаратты қоңырау шалу арқылы алуға болатын шұғыл байланыс телефондары жарияланды.
Бірыңғай дистрибьютор ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы бойынша аймақтардағы медицина және дәріхана ұйымдарына дәрі-дәрмектің жеткізілуінің және олардың рецепт бойынша босатылуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.
28 қаңтар 2018 ж. 1 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 307
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 769

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 85

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930