» » ОРАЙЛЫ ТІРЛІК ОҢЫНАН БОЛСЫН

ОРАЙЛЫ ТІРЛІК ОҢЫНАН БОЛСЫН


Аудан әкімдігінің мә­жіліс залында облыс­тық мем­лекет­тік сатып алу бас­қар­масы қызмет­кер­лері­нің қа­­­­­ты­с­уы­мен «қала, ау­­дан деңгейінде бірыңғай ұйым­дас­тыру­шы бөлімдерін құру туралы және мемлекеттік сатып алудың мониторингі, мем­лекеттік са­тып алу конкурсының заңды­лық­тары» атты семинар өтті.
Бүгінгі таңда Қармақшы ауданы әкім­дігінің 5 желтоқсан 2017 жылғы №613 санды қаулысымен «Қармақшы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мем­лекеттік мекемесі құрылған бо­латын.
Шара барысында аталмыш бө­лім­нің мемлекеттік әкімшілік қыз­мет­кер­лерінің біліктілік талап­тарын бекіту шаралары жүргізіліп, пысықталатыны атап көрсетілді. Біліктілік талаптары бекітілген бойда конкурс арқылы қызметкерлер жұмысқа қабылданады деп атап күтілуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта бөлімге қажетті кеңсе тауарлары, жиһаздарына мемлекеттік сатып алу тәсілімен әлеуетті өнім берушілермен келісімшартқа отырып, жұмыстар жүргізілетіндігі мәлім болды.
Жиында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмыс­тарды мемлекеттік сатып алу бөлімі­нің бас маманы Бахыт Бисенбаев пен Асқар Сахиұлы, сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган басшылары қа­тысу­шылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді. Орайлы тірлікке тоқтам жоқ деген осы.
Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА
23 қаңтар 2018 ж. 1 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 304
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 758

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930