Құрылтай
» » Қымбат онкологиялық дәрі-дәрмек науқастарға тегін берілетін болды

Қымбат онкологиялық дәрі-дәрмек науқастарға тегін берілетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы отырысы өтті. Отырыста тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі қарастырылып, бекітілді.

Ведомствоның Facebook-тегі парақшасындағы деректерге сәйкес, амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмек тізіміне бірқатар онкологиялық дәрі-дәрмекті, оның ішінде құны 2 млн теңге тұратын "Дабрафениб" дәрісін енгізу туралы шешім қабылданды. 
"Бұл норма пациенттерге аталған препаратты емдеу курсына байланысты дәрігердің тағайындауымен дәріханалардан алуына мүмкіндік береді", – делінген ведомство хабарламасында.
Бірыңғай дистрибьютор "Дабрафениб" ("Тафинлар") онкологиялық дәрісінің медициналық ұйымдарға қажет жылдық көлемін сатып алды. Ол бекітілген кесте бойынша өңірлерге таратылатын болады.
Айта кетейік, бұған дейін Тафинлар (Дабрафениб) дәрісі тегін дәрі-дәрмек тізімінде болмаған.

06 тамыз 2019 ж. 1 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 547
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 020

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031