» » АҚПАРАТТЫ ОНЛАЙН ТҮРДЕ КӨРУГЕ БОЛАДЫ

АҚПАРАТТЫ ОНЛАЙН ТҮРДЕ КӨРУГЕ БОЛАДЫ

Диспансерлік емделушілерге тегін босату үшін аймақтарға қандай дәрі-дәрмектер жөнелтілгені туралы ақпаратты енді бірыңғай дистрибьютор сайтының «2018 жылға АДҚ бойынша ақпарат» бөлімінен сілтеме бойынша көруге болады.
«СҚ-Фармация» сайтының арнайы құрылған бөлімінде емделушілер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайы туралы және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша босататын дәріхана туралы барлық қажетті ақпаратты таба алады.
Бірыңғай дистрибьютордың басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, бөлімдегі ақпарат күнделікті жаңартылады және емделушілер өзіне ұсынылған дәрі-дәрмектердің дәріханаларға түскенін көре алады.
«Пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоқтығын және дәріханаға келгенін білу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан, бұл деректерді ашық жариялау туралы шешім қабылданды», - деді Шария Исмуханова.
Сондай-ақ, сайтта сіз тегін ақпарат алу үшін дәрі-дәрмектердің мекен-жайы мен байланыс телефондары туралы ақпараттарды таба аласыз.
Сонымен қатар, бөлімде қазақстандықтар қажетті препарат­тардың өз аймағына жөнелту кестесі туралы неғұрлым нақты ақпаратты қоңырау шалу арқылы алуға болатын шұғыл байланыс телефондары жарияланды.
Бірыңғай дистрибьютор ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы бойынша аймақтардағы медицина және дәріхана ұйымдарына дәрі-дәрмектің жеткізілуінің және олардың рецепт бойынша босатылуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.
30 қаңтар 2018 ж. 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031