» » Білікті маман

Білікті маман

Медицина саласы деп айтқанымызбен, ол бірнеше саладан тұрады. Мысалға дәрігерлер – науқастың қандай аурумен ауыратынын анықтап, диагнозын қояды, медбикелер – дәрігерлердің берген нұсқаулығымен ем-дом шарасымен айналысады. Ал енді тағы бірі – ауруханада шаруашылық бикелері науқастарға қызмет көрсетеді. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз осы саланың білікті маманы Күлпаршын Оспанова аудандық аурухананың терапия бөлімінің шаруашылық бикесі болып еңбек етеді.
Ол Қармақшы ауылының тумасы. 1966 жылы дүниеге келген. No113 орта мектебінен білім алған. Мектеп қабырғасында жүргенде өте белсенді болады. Білім ұясын бітіріп, арман қуып Қызылорда техникумына оқуға түсіп, одан бухгалтер мамандығын алып шығады.
Өзі ақ халатты мейірбике болуды армандаған бойжеткен медициналық училищеде оқымаса да, 1988 жылы аудандық аурухананың терапия бөліміне шаруашылық бикесі болып жұмысқа орналасады. Ол кезде аудандық аурухананың бас дәрігері Асқар Омаров, ал терапия бөлімінің меңгеруші дәрігері Садродин Нәбиев болатын.
Сырт көзге қарағанда шаруашылық бикесінің жұмысы елеусіздеу көрінетіні рас. Бірақ оның атқаратын жұмысы аз емес. Бөлімге келген төсек-жабдықтар, ас-ауқаттар, іштің тазалығына керекті жабдықтар, бәрі-бәріне шаруашылық бикесі жауапты. Бастысы – өз ісіне адал және махаббатпен жұмыс жасайды. Өзі 36 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті маманның қазіргі таңда атқарып жүрген шаруасы, елге көрсететін қызметі жайлы өз аузынан сұрап білген едік.
– Әр жұмыстың өз қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні рас. Емделуге келген науқастың көңілінен шыға білу керек. Ауырып ем іздеп келіп тұрған науқасқа жылы шырай танытып, қал-жағдайын сұрап, жылы сөйлейміз. Менің негізгі міндетім – келген әрбір емделушіге төсек-орнын салып, 3 мезгіл мемлекеттен берілетін тегін ас-ауқатпен қамтамасыз ету. Кей уақыттарда болады күндізгі ауысымнан шығып, кешке отбасыммен отырған уақытта науқас түсіп жұмысқа шақыратын кездер. Ондай кезде үйдің барлық шаруасын тастай сала жұмысқа келемін,– дейді ол.
Қай жұмыста да аға буынның өзінен кейінгі жастарға өз білгенін, жұмыстың қыр-сырын үйреткен жақсы ғой.
– Біздің де Күлпаршын апайымыз ұжымдағы жастарға осы кезге дейінгі қызметінен жинаған тәжірибесін іспен көрсетуден де, ауызбен насихаттаудан да шаршаған емес. Бүгінде ұжымның аға буынының алды. Жастардың оған қарап бой түзейтін, жақсы көріп, сыйлайтын, құрметтейтін әпкесі, кейбіреулеріне екінші анасы сияқты. Ақылын беріп, басу айтып отыратын сондай қарапайым кісі. «Жақсы адамдар өзіне байлық жинамайды» деген әдемі нақыл сөз біздің Күлпаршын апайымызға арналғандай. Ол әркез ертеңгі өмірі үшін аянбай еңбек етіп, өз уақытын аямай, өзгенің денсаулығын аялап, жылы шыраймен қарсы алып, құрақ ұшып ауырған жанның жанынан табылатын ізгі мамандық иесі. Науқас алып жатқан емінің шипалы, ол орналасқан бөлме оған жайлы, таза әрі ыңғайлы болуы керек. Апайдың еңбек жолы, шынайы болмысы, сіңірген еңбегі көпке үлгі. Көпшіліктен алған алғыс пен ризашылық, ілтипаты еңбекпен келген жемістің абыройы. Кент тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп, өз ұжымының ортасында сыйлы бөлімше ішінің береке-бірлігін жарастырып, кез-келген істі ұйымдастыра білген өз ісінің шебері, – дейді терапия бөлімінің меңгеруші дәрігері Айгерім Шүлтікова.
Абзал жан ұжымында сыйлы әріптес болса, жанұясында ардақты жар, аяулы ана. Жұбайы Әділ ағамызбен бірге отбасында 3 ер бала тәрбиелеп өсіріп, ұлдарын ұяға қондырып, бүгінде шаңырақта көз қуанышы болған 6 немеренің асыл әжесі.
Құралай АЛТАЙҚЫЗЫ
15 маусым 2024 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 311

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 410

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930