» » Оқу жылын қорытындылады

Оқу жылын қорытындылады

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиеваның қатысуымен биылғы оқу жылының қорытындысы негізінде білім саласының өзекті мәселелерін талдауда кезекті кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Мәжіліске аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары мен есепшілер және Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай, өзге де шалғай елді мекендердің мектеп директорлары ZООМ платформасы арқылы онлайн қатысты.
Күн тәртібінде білім беру ұйымдары бойынша ҰБТ-ға және «Алтын белгіге» үміткерлердің дайындығы мен оқу жылын аяқтау, қорытынды аттестаттау жұмыстары пысықталды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа алу жұмыстарының есебі және мектептерде оқушылар үшін жасалынып жатқан жазғы демалыстың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, мемлекеттік сатып алуға байланысты жұмыстар мен «Цифрлық ұстаз» жобасы туралы атқарылып жатқан жұмыстар барысы тыңдалды.
Талқыға түскен мәселелерге білім бөлімі басшысы арнайы тоқталып, жүргізілген жұмыстарға жан-жақты талдау жасады.
Жиын соңында Гүлзира Мәжитқызы баяндамашылар тарапынан ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге шешім шығарып, білім беру ұйымдарының басшыларына жазғы оқушылардың демалысын тиімді әрі қызықты өткізуіне бар жағдай жасау керегін және олардың өмір қауіпсіздігін басты назарда ұстауын қатаң тапсырды.
Сонымен қатар білім бөлімі басшысы ҰБТ науқанында оқушыларымыздың білім бәсекесінде бәсі биік болуын атап, барша- сына сәттілік тіледі.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
09 маусым 2024 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930