» » Жас мамандар аудан прокурорымен кездесті

Жас мамандар аудан прокурорымен кездесті

Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті ұйымының ұйымдастыруымен No284 мектеп-лицейінде аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжановтың қатысуымен «Прокурор сағаты» өтті. Оған білім беру ұйымдарының жас мамандары қатысып, аудан прокурорымен ашық, еркін форматта сұхбат жүргізді.
Жастармен кездесуде М.Жаңбырбайұлы еліміздің ертеңі болар жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі ұстаздар қауымының еңбегі өлшеусіз екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда ұстаздар өз мәртебесі деңгейінде қызмет жасап, өз құқығына қайшы келетін жайттарға жол бермеу, әкімшілік құқықбұзушылық мас күйінде көлік тізгіндеу, құмар ойындарына салыну секілді әрекеттерден аулақ болуы керектігі жөнінде жан-жақты, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұнан өзге жастарға ұстаздық ұлы қасиетті алып жүрудің әдеп қағидаларына қатысты ақыл-кеңестерін айтып, ел мүддесі жолында қызмет жасауға шақырды.
Келелі кездесуде жас мамандар аудан прокурорына қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде сауалдар жолдап, қойылған сұрақтар барысына тұшымды жауаптарын алды. Ал аудан прокуроры жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық әрекеттердің алдын алу және оны болдырмаудың бағытында еселі еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздар қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті.
Кездесудің соңына қарай білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева кештің қонағы болған, қашанда жастарға қамқорлығы мен қолдауын білдіретін аудан прокурорына өз ал- ғысын айтып, ізгі ниетті ілтипатын жеткізді.
«ҚТ» ақпарат
09 маусым 2024 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930