» » Жас мамандар мүддесі елге адал қызмет ету

Жас мамандар мүддесі елге адал қызмет ету


Білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті ұйымының ұйымдастыруымен №284 мектеп-лицейі базасында аудан прокуроры М.Маханбетжановтың қатысуымен «Прокурор сағаты» өткізілді.

Кездесуге аудан бойынша білім беру ұйымдарының жас мамандары қамтылып, аудан прокурорымен ашық, еркін форматта сұхбат жүргізді.

Жастармен кездесуде Мейрамбек Жаңбырбайұлы еліміздің ертеңі болар жас ұрпаққа тәлім тәрбие берудегі ұстаздар қауымының еңбегі өлшеусіз екендігін баса айтып, қазіргі қоғамда ұстаздар өз мәртебесі деңгейінде қызмет жасап, өз құқығына қайшы келетін жайттарға жол бермеу, әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерден (мас күйінде көлік тізгіндемеу,құмар ойындарына салынбау т.б) аулақ болуы керектігі жөнінде жан-жақты заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарға ұстаздық ұлы қасиетті алып жүрудің әдеп қағидаларына қатысты ақыл-кеңестерін айтып, ел мүддесі жолында қызмет жасауға шақырды.

Сондай-ақ, келелі кездесу барысында жас мамандар аудан прокурорына қоғамдағы өзектілігі бар мәселелер төңірегінде сауалдар жолдап, қойылған сұрақтар барысына тұщымды жауаптарын ала білді. Ал, аудан прокуроры жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу және оны болдырмаудың бағытында еселі еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздар қауымын арнайы құттықтап, өз атынан «Алғыс хат» табыс етті.

Кездесудің соңына қарай білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева бүгінгі кештің арнайы қонағы, қашанда жастарға қамқорлығы мен қолдауын білдіретін аудан прокурорына өз алғысын айтып, ізгі ниетті ілтипатын жеткізді.

03 маусым 2024 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 820
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 538

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930