» » Армандар орындалады…

Армандар орындалады…

Білім бөліміне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде осыдан 45 жыл бұрын осы білім ордасының 1979 жылғы түлегі, бүгінде Қармақшы ауданының құрметті азаматы, прокуратура және сот органдарының құрметті қызметкері, ҚР Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлымен "Армандар орындалады" жобасы аясында арнайы кездесу өткізілді.

Кездесуге арнайы аудандық Сот төрағасы Мыхаров Қуаныш Тасмағанбетұлы, аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы, аудан прокуроры Маханбетжанов Мейрамбек Жаңбырбайұлы және бүгінгі кештің арнайы қонағы Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлының ұстазы,білім саласының ардагері Бультирикова Гаухар Сабихановна қатысты.

Кездесу барысында Сағатбек Болатбекұлы жасөспірімдерге туған жердің қасиеті, өзінің өмір тарихы, жеткен жетістіктері, сол жолдағы қиын да қызықты сәттерінен әңгіме қозғап, жаман әдеттерден аулақ болу, адал адам ретінде қалыптасу, отан сүйгіштік пен туған елге қызмет жасау бағытында тәрбиелік өсиеттерін жеткізді.

Сонымен қатар шараға арнайы шақыртылған ардагер ұстаздар мен мүдделі органдар оқушыларға ұлы мақсатқа жету жолында жақсы білім алып, адал еңбекпен армандаған жетістікке жетуге болатындығы жан- жақты түсіндіріп, қоғамдағы адам өміріне кері әсерін тигізетін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Кездесу соңында қатысушы қонақтар санаулы күндерден кейін жаңа өмірге қадам басқалы тұрған мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілеп,ізгі ниеттерін жеткізді.

20 мамыр 2024 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10316)

29 маусым 2024 ж.

№50 (10315)

25 маусым 2024 ж.

№49 (10314)

22 маусым 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 маусым 2024 ж.

Оқиғалар

Талпыныс
24 маусым 2024 ж. 1 319
Ұрының арты – қуыс

Ұрының арты – қуыс

08 қаңтар 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Таза Қазақстан
14 маусым 2024 ж. 3 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031