» » Алғыс айту мерекесінде ардагерлермен кездесу өткізілді

Алғыс айту мерекесінде ардагерлермен кездесу өткізілді


Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде «Айтамын сізге, мың алғыс!» тақырыбында білім саласының құрметті ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу кешіне Қармақшы ауданының Құрметті Азаматы, білім саласының ардагері Жалғасбаева Дәмелі апай, №27 мектепте 2008 – 2011 жылдар аралығында мектеп басшысы қызметін абыроймен атқарып, ата – аналар мен шәкірттердің алғысына бөленген құрметті ардагер ұстаз Суюбердиева Забира апай, сан жылдар физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап, шәкірттерінің құрметіне бөленген ардақты ұстаз, құрметті ардагер Жұмабаева Талмаш апай, аудандық білім бөлімінде бас есепші қызметін абыроймен атқарған, білім бөлімінің ардагері Есдәулетова Күлаш апай, есепші қызметін абыроймен атқарған ардагерлер Таңбаева Кенже апай мен Әлиева Бағжан апайлар, аудандық білім бөлімінің құрметті ардагері Жаназарова Зина апай және аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын қатысып, оқушылардың өздеріне деген ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін тыңдап, сан қырлы өнерлерін тамашалады. Кешті жүргізуші «Болашақ» мектеп парламентінің президенті Н.Қанибаева бастаған парламент мүшелері кеш қонақтарына әсем ән мен әдемі билерін тарту етті.
Кеш соңында ардагерлеріміз оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын жеткізді.
https://www.instagram.com/p/CpQNHO8KtA2/?utm_source=ig_web_copy_link
01 наурыз 2023 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930