» » Бақытын тапқан еңбектен

Бақытын тапқан еңбектен

Жосалы кенті орталығындағы №105 мектеп – лицейінде «Бақытын тапқан еңбектен» атты кездесу кеші болып өтті.
А.Жанпейісовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» ардагер ұстаз Құндақбаев Шегебай, ардагер ұстаз Бүркітбаева Назым, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы және Алматы қаласынан арнайы келген Ахметжан Жанпейісовтың ұлы Дінмұхаммед Ахметжанұлы мен немересі Мәулен Аңсар Халмұратұлы арнайы қатысты.
Кездесуді №105 мектеп – лицей директоры Еркебаева Гүлзира Мұратбекқызы ашып, жүргізіп отырды.
Кездесу барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері әдеби монтаж оқып, Ахметжан Жанпейісовтың өмір жолы туралы бейнеролик-слайд көрсетілді.
Сонымен бірге кездесуде сөз алған Ахметжан Жанпейісовтың ұлы Дінмұхаммед Ахметжанұлы мен немересі Мәулен Аңсар Халмұратұлы пікірлерін білдіріп, білім беру ұйымына заманауи үлгідегі интерактивті тақтаны арнайы табыстады. Сондай-ақ Ахметжан Жанпейісовтың көзін көрген кісілер Қармақшы ауданының құрметті азаматы» ардагер ұстаз Құндақбаев Шегебай мен ардагер ұстаз Бүркітбаева Назым естеліктерін айтып өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері А. Тоқшылықова сөз сөйлеп, оқушыларға сапалы білім алуға және ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге бағытталған құнды пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында 10 сынып оқушысы Төлен Ақтілік ізгі лебізін білдіріп, арнайы келіп қатысқан қонақтарға ризашылығын жеткізді.

16 қыркүйек 2022 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930