Егемендік Тәуелсіздікке-27 жыл
Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген тарихымыздың алтын әріптерімен жазылып қалатын Желтоқсан оқиғасына -32 жыл, Егемендік Тәуелсіздікке-27 жыл мерекесі қарсаныңда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір –қасиетін түсінуге тәрбиелеу, Отан Ананы құрметтеп, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаhармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету мақсатында «Желтоқсан алауы – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында кездесу кеші өтілді. Кездесу кешіміздің құрметті қонақтары осы оқиғаның ортасында болған, оны өз көздерімен көрген ауданымыздың құрметті аға-апаларымыз қатысты:
1. Қыпшақбаев Мұхит
2. Бұйрабаева Ақжамал
3. Рысбаева Аманкүл
4. Тобжанова Жұмакүл
Сонымен қатар кездесу кешіне аудандық білім бөлімінің әдіскері – Тоқшылықова Ақтолқын, Қармақшы Жастар Ресурс Орталығының директоры Әділ Ибраhым, Қармақшы таңы газетінің тілшісі Нұрбай Жаңаділов қатысты. Кездесу кеш барысында №105 мектептің 5 сынып оқушылары Республикалық «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылданды. Кеш соңы 8-9 сыныптың оқушыларының тәуелсіздікке арналған әдеби монтажына, патриоттық әндеріне ұласты.
Пікір 1