» » Халықтың қуаты – бірлікте

Халықтың қуаты – бірлікте


А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде 2022 жыл – Балалар жылына орай және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне байланысты 7-9 сыныптың белсенді оқушыларының қатысуымен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақовтың ұйымдастыруымен  кездесу өтті.
Кездесуге «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Құндақбаев, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері А.Нұрмағанбетова, Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагер РТурсунов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Бейбітов арнайы қатысып, оқушылармен пікірлесті.
Кездесу барысында арнайы қатысқан қонақтар бірлік мерекесінің маңызына тоқталып, тарихи оқиғалар жайлы мағлұматтар берді.
Сонымен бірге 7 сынып оқушылары бірлік патриотизм бағытындағы белгілі ақындардың өлең шумақтарын оқып, 8-9 сынып оқушыларынан құралған би тобы түрік ұлтының биін биледі.
Кездесуді №105 мектеп-лицей директоры Г.Еркебаева қорытындылап, арнайы қатысқан өздерінің ой-пікірлерімен бөліскен, ынтымақ пен берекенің дамуына үлес қосқан азаматтарға ризашылығын жеткізді.
29 сәуір 2022 ж. 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 848
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 568

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930