» » Еңбектен бақытын тапқан

Еңбектен бақытын тапқан


Кеше №107 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің "Еңбек еткен - мұратқа жеткен" іс-шара жоспарына сәйкес, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, 10 "А" сыныбында сынып жетекшісі Маханбетова Гүлбанудың ұйымдастыруымен "Бақытын тапқан еңбектен" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Айтулы шараға
18 жасында трактор тізгіндеген, 40 жылға жуық шаруашылықта механизатор, күрішші - механизатор, жұмысшы, қойма меңгерушісі қызметтерін атқарған, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері, 1976 жылы өткен КПСС ХХV съезінің делегаты, Қармақшы ауданының "Құрметті азаматы", қазір зейнеттік демалыстағы аяулы ана, асыл әже Әбішова Бибігүл апа арнайы шақырылып, қонақ болды. Маман тапшылығы белең алған кезеңде елдің әлеуетін көтеру үшін ерлермен бірге иық теңестіре еңбек еткен, өз жұмысын сөзбен емес іспен дәлелдейтін, жауапкершілік жүгін зор сеніммен арқалаған, ұлы еңбектің көрігін қыздырған нағыз майталман иесі мектеп оқушыларымен өткен кездесуде жастарды патриоттыққа үндейтін еңбек жолы жайлы әңгімелеп, ой бөлісті. Өскелең ұрпаққа берер тәлімі мен өнегесі мол игі шара соңында Бибігүл ана жас ұрпаққа ақ батасын берді.
28 қараша 2021 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930