» » Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз


А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауданымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүреген азаматтармен кездесу мақсатында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында 8 «А» сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.
№105 мектеп-лицейінің танымдық тәрбие сағатына аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының саяси кеңесінің бюро мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Скендіров Айдынбек Айтбайұлы қатысты.
Тәрбие сағаты барысында 8 «А» сынып жетекшісі Бекмырзаев Ғалымжан арнайы дайындалған көрнекі құралдар мен бейнороликтер арқылы еліміз үшін маңызды шараны түсіндірді.
Сонымен бірге №105 мектеп-лицейінің мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қозыбақов Айбол еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, арнайы қатысып отырған аудандық мәслихат депутаты «Сыр үміті» сыйлығының, республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығының иегері Айдынбек Айтбайұлын оқушыларға таныстырып өтті.
Өз кезегінде сөз алған аудандық мәслихат депутаты Скендіров Айдынбек Айтбайұлы тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміздегі жүргізілген реформалардың тиімділігі жайлы және мемлекеттік бағдарламалар мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру мәселелері туралы қысқаша тоқталды. Сонымен бірге жастар арасындағы өзекті мәселелерді қозғап, алдағы мақсаттарды жүзеге асыруда жастарды білім алу мен еңбек етуге шақырып, оқушылардың мамандық таңдаудағы қажетті бағыттарды атап өтті.
Тағылымды кездесуде оқушылар өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
24 қыркүйек 2021 ж. 1 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 772

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 95

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930