2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
» » Бала қауіпсіздігі – басты орында

Бала қауіпсіздігі – басты орында

Бала есейген сайын өз бетінше жүруге құмар болады. Ал ата-ана мен ұстаздың міндеті – баланы қандай жағдай болмасын өзін қорғауға, қауіпті жағдайлардан бойын аулақ ұстауға үйрету.
Барлық мектепте өтетіндей Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде де әр сәрсенбіде тәрбие сағаттары ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілер оқушыларға түрлі тақырыпта тәрбиелік, танымдық мәлімет ұсынады. Мектеп оқушыларының кезекті тәрбие сағаты қысқа маусымдағы өмір қауіпсіздігіне арналды. Сабаққа аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Е.Назарқұлов қатысып, әр сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме кезінде оқушыларға үнпарақтар таратылды. Тәрбие сағат барысында сынып жетекшілер өрт, су, мұздағы қауіпсіздіктің алдын алуға қатысты көрнекі құралдар пайлананып, интерактивті тақта арқылы бейнероликтер көрсетті.
Дәстүрлі сыныптарда түсіндірме сабақ офлайн негізде өтсе, онлайн форматта оқитындарға «Zoom», «WatsApp» желісі арқылы айтылды.
Серғали БЕРТІЛЕУОВ,
№250 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
28 ақпан 2021 ж. 1 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 907
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 157

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930