» » Сынып жетекшілерге арналған вебинар өткізілді

Сынып жетекшілерге арналған вебинар өткізілді


Т.Көмекбаев атындағы № 250 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтруова Айнұр Әбіләкімқызы «Қашықтықтан оқыту кезінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру» атты сынып жетекшілерге вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты:
 Бала тәрбиесіне ықпал ететін, заманауи мәселелерді қамтитын тәрбие сағаттарын жүйелі, үздіксіз түрде өткізу.
 Тәрбие сағаты жоспарын оқушы қызығушылығына сай, сындарлы оқыту теориясына негіздей отырып құру.
 Оқушылардың мектептегі әртүрлі тәрбиелік шараларға толық тартылуына ықпал ету.
Вебинарға қазақ, орыс сыныптарының сынып жетекшілері қатысты.Вебинарда педагогтің тәрбиелік іс әрекетіндегі басты мақсаттарын айқындап, сонымен қатар қазіргі кездегі тәрбие тұжырымдамасының 8 бағытын Кембридждік оқыту тәсілдерімен ықпалдастыра отырып, көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болатынын атап өтті.Сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытында сындарлы оқыту теориясы бойынша Кембридж бағдарламасына сай Пажарестің «Білім беру сызбасы»мен Шульманның «Үш көмекшісі» кестелерін тәрбие жұмысытарында жүйелі пайдалануға болатынын айтып өтті.Және де сынып жетекшілерге сынып жетекшінің циклограммасы мен тәрбие жұмысын жоспарлауда біршама кеңестер беріліп өтті. Вебинар соңында сынып жетекшілермен кері байланыс орнатылып, сынып жетекшілердің пікірлері тыңдалды.
07 қаңтар 2021 ж. 1 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031