» » TED форматындағы диалог алаңы

TED форматындағы диалог алаңы

Қызылорда облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернатында 26 ақпан күні «Шаңырақ» жобасы негізінде тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы инновациялық технологиялар» атты TED форматында диалог алаңы өтті.

Облыстық TED форматындағы диалог алаңының мақсаты:
 – рухани жаңғыру аясындағы бағдарламалармазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие үдерісіндегі «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының әлеуметтік жобаларымен үйлестіру;
-Мектеп – интернаттың тәрбие үдерісіндегі  инновациялық іс – тәжірибесімен танысу;
-Әлеуметтік жобалар арқылы жас ұрпақты ұлтжанды, елжанды, елін –жерін сүйетін саналы азамат болуға тәрбиелеу жолындағы әріптестердің пікір алысуын ұйымдастыру;
Шара аясында мектеп – интернат ұжымы әзірлеген Рухани жаңғыру мен «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының сабақтастығын оқу – тәрбие үдерісінде ұйымдастырудың Үлгілік нұсқаулығының презентациясы таныстырылды.
«Әлеуметтік жобалар  - тәрбие үдерісінде»  тақырыбындағы  жоба  жетекшілері мен белсенді оқушылардың таныстырылымы ұсынылды. Олар «Туған елге тағзым», «100 кітап», «Көшбасшы», «Қоғамға қызмет ету», «Қазақ әндер» әлеуметтік жобалары бойынша атқарылған жұмыстар мақсаты, тиімділігі, нәтижесі туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық TED форматындағы диалог алаңына қатысушылар әлеуметтік жобалар бойынша 6 тәрбие сағаттарының серияларына қатысып, тәрбие сабақтары жаңа форматта, интербелсенді әдістерге негізделіп, кіріктірілген оқыту түрімен жүргізілді.
Шараға облыстағы 46 инновациялық мектептердің басшылары, оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты. Барлығы 300-ден астам адам қатысты.

27 ақпан 2018 ж. 2 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 251

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 352

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930