» » Күрделі жөндеуден өткен мектеп ел игілігіне қызмет етуде

Күрделі жөндеуден өткен мектеп ел игілігіне қызмет етуде

qarmaqshy-tany.kz №121 орта мектебіміздің оқушылары заман талабына сай қайта жасақталған білім ұясында сабақ оқып жүр. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында ішкі электр желілері толығымен жаңартылып, есіктері ауыстырылды. Мектептің іші-сырты жаңаланып, линолеум төселді. Спорт залы толығымен жаңартылды. асхана жөндеуден өтіп, мектеп ауласына жаңа брусчатка төселіп, аяқ жолдар мен жиектас ауысты.
Білім саласындағы мұндай бетбұрысқа ата-аналарда дән риза. Жаңа ғимаратта білім нәрімен сусындаған шәкірттердің де қуаныштарында шек жоқ. Күрделі жөндеуден өткен бұл мектеп болашақта оқушылардың сапалы білім алуына негіз болатыны сөзсіз. Осы орайда жаңарған мектебімізде "Заманауи мектеп-білім саласындағы өзгерістердің бастауы" тақырыбында мектепішілік ардагер ұстаздармен кездесу семинары ұйымдастырылды. Шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мажитқызы, арадагер ұстаз, № 121 орта мектебінің алғашқы директоры Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Жалғасбаева Дамелі апай, мектеп құрылған уақыт аралығындағы әр жылдары педагогикалық ұжымды басқарған мектеп директорлары Сүйебердиева Забира апай, Әлиев Мағауия ағай, Аймаханова Құндызай апай, Өтегенов Бақытбек ағай, Ерғалиева Мауегүл апай құрметті қонақ ретінде шақырылды. Шараның мақсаты: Оқушылардың жалпы білім мен дағдыларын игеретін орынға айналу, дәрежесін ұрпақтар сабақтасытығы арқылы көрсете білу. "Жаңашыл ұстаз-заман талабы" пән бірлестіктерінің жұмыстары негізінде көрме ұйымдастырылып, мектеп жанындағы орталықтардың жұмыстарын таныстыру кезінде "Ұшқыр ой алаңы" дебат орталығының жұмысы, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында және 10-11 сынып оқушылары "Мектеп парламентінің" жұмыс жүйесін көрсетті. "Бала және театр" жоба жұмыстары аясында 9 сыныптар аралығында сахналық қойылым сомдалса, "STEAM" - жобасының жұмысы негізінде робототехника үйірмесінің оқушылары өз жұмыстарын көрсетті. Шара соңында мектеп өнерпаздарынан құралған мерекелік концерт көтерінкі көңіл - күй сыйлап ардагер ұстаздарымыз Дамелі апай, Ұзақбаева Кәмпит апай, Әлиев Мағауия ағай, Аймаханова Құндызай апай, Досымова Талайлы апайлар мектеп өмірінен естеліктер айтып, ақ баталарын берді. Мектепішілік ардагер ұстаздармен кездесу семинарын мектеп басшысы Жұмабаев Болат Мәлікұлы ардагер ұстаздарымызға жылы лебізін білдірдіре отырып шара соңын қорытындылады.

29 желтоқсан 2022 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930