» » Қармақшы мектептерінде «Прокурор сағаты» құқықтық танымдық сабағы өтті

Қармақшы мектептерінде «Прокурор сағаты» құқықтық танымдық сабағы өтті

Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде 2024 жылдың ақпан айында «Прокурор сағаты» құқықтық танымдық сабағы өткізілді.
Қармақшы аудандық прокуратура қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бағытында арнайы дәрістер өткізуде.
Өткізілген іс-шараға Қармақшы аудандық прокуратураның аға прокуроры Сәкен Абдулғазиз, аудандық білім бөлімі әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының мектеп инспекторы Өркен Рүстемов,
№105 мектеп-лицейі директоры Еркебаева Гулзира Мұратбекқызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік-педагог, педагог-психолог, сынып жетекшілер 8-11 сынып оқушылары арнайы қатысты.
Шарада қоғамдағы негізгі құндылықтар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және басқа да заңсыз әрекеттердің (есірткі, шылым, спирттік ішімдіктер, т.б.) себеп-салдары, оның алдын алу бойынша қабылданған шаралар, түнгі уақытта жалғыз жүрмеу, ойын-сауық орындарына бармау, әлеуметтік желілердегі теріс ақпараттардың жастардың дамуына кері әсер ететіні туралы және т.б. өзекті мәселелер қамтылып талқыланды.
Кездесу соңында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға ақыл кеңестерін айтып, құқық бұзушылықтар жасамауға шақырды.
13 ақпан 2024 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930