» » Ерлікке тағзым – ұрпақтан

Ерлікке тағзым – ұрпақтан

Арада 79 жыл өтсе де соғыстың тақсыреті әлі күнге дейін жүректерде өшкен жоқ. Талай боздақ майдан даласында жер жастанса, талайы мүгедек болып оралды. Қаншасы хабар-ошарсыз кетті. Қаншасының артында ботадай боздап жақындары қалды. Ел басына туған қаралы жылдарды сөзбен айтып жеткізу мүмкін бе?!
«Тау алыстаған сайын, биіктей түседі» дейді. Миллиондардың өмірін қиып, бейбіт өмірлерінің шырқын бұзған қасіретті жылдар қанша алыстағанымен, соғыс салған жара қазірге дейін жазылмады. Осынша жыл өтсе де, із-түзсіз кеткен әке, аға-бауырларының бір хабарына зар болған адамның санында шек бар ма?! Олардың кейбірі халықаралық архив құжаттарынан мәлімет тауып, жат елде қалған жақындарының басына бір уыс топырақ салып, мауқын басса, талай жан арманын алға тартып, үмітпен өмір сүріп келеді. Ұрпақ болашағы үшін кеудесін от пен оққа төсеген батыр бабаларымыздың қасиетті есімдері тарихтан ешқашан өшпек емес.
Жылдағы дәстүрмен батыр бабалардың рухына тағзым ету мақсатында бейсенбіде аудан орталығындағы «Тағзым» алаңында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған тыл ардагерлері, аудан тұрғындары мен аға, жас ұрпақ өкілдері қатысып, батыр әке, аталардың рухына тағзым етті.
Мерекеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ойналды. Одан соң аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды Жеңіс күнімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.
– Қармақшы ауданынан соғысқа 5 мыңға жуық азамат қатысса, олардың 563-і ғана елге аман-сау оралған. 2507-сі хабарсыз кетсе, 1250-і соғыстан келмегендердің қатарына енген. Біз әкелеріміз бен аталарымыздың жанкешті ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Батыр бабаларымыздың жауынгерлік жолдары, ерлік рухы кейінгі ұрпақтарын, бүгінгі жас Отан қорғаушыларды әрқашан асқақ арман-мұраттар мен ерлікке бастап келеді. Тыл еңбеккерлері де Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан әрдайым ардагерлерімізді ардақтап, Отан үшін опат болған ерлердің рухына тағзым етеміз, – деді аудан басшысы.
Салтанатта ұрпақ болашағы үшін қанқұйлы соғыс жылдарында ерлік көрсеткен қаһармандар құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып, «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтары қойылды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
11 мамыр 2024 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 334

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 421

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930