» » Жеңіс мерекесі тойланды

Жеңіс мерекесі тойланды

Жеңістің 74 жылдық мерекесін қармақшы­лық­тармен бірге қанды қырғынның көзі тірі жалғыз куәгері қарсы алды. Зұлмат жылдың сұм естелігі көңілге қаяу түсірсе, жеңіспен оралған ардагерлерге қарап рухани күш ала­сың. Иә, уақыт керуен көшімен ілесіп отыр, тоқтамайды. Өкініштісі, Ұлы Отан соғысы ар­дагерлерінің арамыздан сирегені. Әрине, олар ұмытылмайды. Ер есімі қашан да ел есінде.
Ұлы Жеңіс күні "Тағзым" алаңына гүл шоғын қойып, майдан даласында құрбан болған боздақтардың рухына арнап Құран бағыштаудан басталды. Шараға аудан әкімі Сұлтан Мақашов бастаған әскерилер, ардагерлер мен қала жұртшылығы "Мәңгілік алау" алдында тағзым етті. Бір минут үнсіздік. Ой сан-сақта. Батырлықтың, ерліктің әсем бейнесі көз алдымыздан құдды кино кадрындай өтіп жатыр, өтіп жатыр...
Орталық алаң. Жеңіс күні тойланып жатса да көңілде бір мұң бар секілді. Неге? Айтып келмеген соғыс талай жас­ты қыршыннан қиды емес пе? Біз ше? Біз сол батырлар жау қолынан жұлып әперген бейбіт өмірде іздерін жалғап келеміз.
– Жеңіс жолында құрбан болып, сол зұлмат күндерге жастық шағы қатар келген аға буынның барлығы да ұлықтауға лайық. Ортақ Отанды қорғау үшін ауданымыздан бес мыңға жуық азамат аттанып, жартысынан көбі туған жерге оралмаған. Жыл өткен сайын олардың қатары да азайды. Бүгінде тек Ұлы Отан соғысының тірі куәгері Қуанышбай Бисенбаев ағамыз ғана арамызда. Біз Жеңіс сарбаздарын әлі де жауынгерлік сапта деп есептейміз. Себебі, ардагерлер өнегелі ісімен, ұлағатты ақыл-кеңесімен ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып келеді. Сол үшін, қашан да Жеңіс жауынгерлерін ардақ тұтамыз, ұмытпаймыз. Мәңгілік есімізде сақтаймыз, – деді аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы.
Салтанатты шарада патриоттық әндер шырқалып, қойы­лымдар көрсетілді. Аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмысқа да жегілген, кеудесін оққа тосып, өлімге қарсы тұрған майдангерлер ешқашан ұмытылмақ емес. Олар бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлады. Сол үшін олар қашан да құрметке лайық жандар. 
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
14 мамыр 2019 ж. 1 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031