Конституция
» » ҚАРМАҚШЫДАН ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

ҚАРМАҚШЫДАН ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ


Бүгін Қармақшы ауданында Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесі аталып өтті.
Аудан орталығындағы «Тағзым» алаңында гүл шоқтарын қоюдан бастау алған іс-шаралар орталық алаңда жалғасын тапты.
Салтанатты шараларға аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп ізгі лебізін жеткізді.
Соғыс және еңбек ардагерлері "Тағзым" алаңына гүл шоқтарын қойып, майдан даласында құрбан болған боздақтардың рухына арнап ауданның бас имамы Құран бағыштады.
Қармақшы ауданынан Ұлы Отан соғысына 5 мыңға жуық азамат аттанып, жартысынан көбісі Туған жерге оралмаған.
Орталық алаңда жалғасқан салтанатты шарада патриоттық әндер шырқалып, көріністер көрсетілді.
Аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.
Отанымызды қорғап қалған батырларымыздың теңдессіз ерліктері еш ұмытылмақ емес, жоғары деңгейде ұйымдастырылған шаралар бүгінгі ұрпақтың бойында патриоизмнің үлгісін қалыптастырады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 мамыр 2019 ж. 1 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031