» » Мерекелік іс-шара өткізілді

Мерекелік іс-шара өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айының 6-шы жұлдызында аудан орталығындағы Мемлекеттік Рәміздер алаңында егемен еліміздің айбынды мерекесі - Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан ардагерлері, мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, құқық қорғау органдарының және ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты.
Мерекелік іс-шараның алғы сөзінде аудан әкімі бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, іс-шара аясында бөлімнің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Ермаханов Қуандық Бейбітұлы үлгілі қызметтері үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталып, айтулы іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Полиция капитаны Ермаханов Қуандық Бейбітұлы қазіргі уақытта Қармақшы ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы лауазымы қызметін мінсіз атқаруда. Отбасында үш бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке.

Қармақшы ауданының полиция бөлімі

07 мамыр 2024 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 122
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 708

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031