» » Қармақшыда комиссия отырысы өтті

Қармақшыда комиссия отырысы өтті


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы төрағалығымен күн тәртібінде үш мәселе қаралады.

Бірінші мәселе бойынша «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын-алу туралы» аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Исламханова Гүлзира Шәймерденқызы баяндама жасаса, екінші мәселемен «Полиция бөлімінің есебіндегі пробациялық бақылау белгіленген кәмелетке толмағандармен атқарылған жұмыстар туралы» аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ермаханов Қуандық Бейбітұлы баяндады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе аудандық полиция бөлімінің 08.09.2023 жылғы №30-2/3607, №30-2/3608 санды ұсыныс хатына сәйкес, 2023 жылдың тамыз айының 14 күні, Жосалы кенті, Мүсірбаев көшесінің бойында орын алған топтық төбелеске қатысты аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ермаханов Қуандық Бейбітұлы баяндап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар бойынша пікір алмасты.

Бала – біздің болашағымыз! Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесінде қоғам болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 қазан 2023 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930