» » Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс

Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс

Қармақшы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Әділбек Ерсұлтановтың қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт өтті.Мерекелік іс-шарада аудан басшысы соғыстың бар ауыртпалығынан өтіп, Отан үшін от кешіп, Жеңістің туын желбіреткен майдангер ата-бабаларымыздың ерліктеріне алғыс білдіріп, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның айбынды мерекесімен барша қармақшылықтарды құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
Іс-шара барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Рүстем Тұрғановқа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызметі үшін» І дәрежелі медалі табысталып, ауданда ел тәртібін түзеткен, тыныштығын күзеткен сарбаздар мен сардарлар яғни, сала мамандары Отан қорғаушылар күніне орай марапатқа ие болды.
Әрі қарай мерекелік концерт соңы «Күткен күн» атты аудан өнерпаздарының ұйымдастыруымен спектакль-концертке ұласты.
08 мамыр 2022 ж. 1 065 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30