» » ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕН

ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕН

Әр адам өмірге келгені үшін ата-анасына қарыздар. Олар ұрпағын өмірге әкеліп қана қоймай тәрбиелеп, өмірдің сара жолына салып, үлкен үміт күтеді. Өздері шықпаған биікке ұрпағы шықса екен деп тілейді. Жеңіс күні жақындаған сайын ата-анам есіме түсіп, олар жайлы жазуға ұмтылып отырған жайым бар.
Әкем Мереков Ермағанбет 1906 жылы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Шешем Құттымұратқызы Балай 1909 жылы туған. Әкем кешегі неміс басқыншыларымен болған соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан майдангер. Шешем де барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін деп тылда еңбек еткен ана.
Әкем соғыс басталған уақытта ауылдастары Әбілқайыр Айтанов, Айдынбай Айқынбаев, Пірмағанбет Қарақұлов және басқа 37 ауылдасымен бірге бір күнде соғыс комиссариатының шақыртуымен майданға аттанады. Алдымен Куйбышев қаласында әскери дайындықтан өткен соң Кеңес әскерлері қатарында Ленинград қаласын азат етіп, Балтық теңізі жағалауындағы Эстония, Латвия, Литва елдерінде жауға қарсы соғысады. Ол елдерді неміс басқыншыларынан азат етіп, Жеңісті Берлин қаласында қарсы алады. Соғыста зеңбіректің көздеушісі болады. Бірнеше медальдармен наградталған.
Ағасы Пірмағанбет Мереков өзінен екі ай бұрын соғысқа аттанған Сталинград майданында хабарсыз кеткендердің қатарында. Әлі күнге дейін бір хабары шығар ма деп күдер үзбей келеміз.
Әкем соғыс туралы көп айтпайтын, кейде майдангерлер кездескенде өзара сөйлесіп отырғанда, ішетін тамақ пен киетін киімдерінің өзі қат болғанын құлағымыз шалатын. Зеңбіректерді әдепкіде атпен, содан кейін «полуторка» деген машинамен сүйреген көрінеді. Қырға шығу үшін солдаттар машинасын итеріп, төбеге шыққан соң қайта мінеді екен. Қалай екінші майдан ашылды, солай «Судабікер» деген қуатты машина келді дейтін.
Елге оралғасын бейбіт еңбекке араласып, шаруашылықтың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты. Анаммен екеуі бейбіт еңбекке араласа жүріп, 6 баланы дүниеге келтіріп, тәрбиелеп өсірді. Ешқайсысымыз ата-анамыздың атына кір келтірмей, әр салада қызмет жасадық. Олардан алған тәрбиемізді ұрпағымызға беріп, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлесімізді қосып келеміз.
Міне, біз сол қанды майдан куәгерлерінің ұрпақтары бізге бақытты өмір сыйлаған әке-аталарымызды еске алу мақсатында 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында бейіт басына барып, Құран бағыштаймыз. Бұл біздің майдангерлерге деген құрметіміздің бір ғана бөлігі.
Асқар МЕРЕКОВ, ұлы,
Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің
10 мамыр 2024 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 336

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 421

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930