» » Ер азаматтарға құрмет көрсетті

Ер азаматтарға құрмет көрсетті

7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының бастауыш ұйымдарында еңбегімен елдің алғысына бөленіп жүрген бірқатар азамат бас қосты. Жиында сөз алған филиал төрағасы Гүлжауһар Төлегенқызы мерекенің мән-мазмұнына тоқталып, ер азаматтарды мерейлі мере- кемен құттықтады.
– Бұл айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді күзететін, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз бар. Әр отбасының алтын қазығы болған ер азаматтардың орны қашанда биік. Сондықтан абзал азаматтарымызға деген алғыс пен құрметіміз шексіз. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер – әрқашан Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді қалыпта жастарға, ұрпаққа өнегесіздер. Аға ұрпақ пен жас буынның елді қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді ол.
Кездесуде «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының алқа мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, елге адал қызмет ету – әркімнің өз отбасынан бастау алатынын, ата-ана балаларын адал еңбегімен тапқан нанымен асыраса, адал тамақты жеп өскен ұрпақтан ертең Отанға адал қызмет ететін тұлғалар тәрбиеленіп шығатынын тілге тиек етті.
Жиын соңында «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалы атынан Қармақшы агротехникалық колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Әбдікәрім Жұбанышов, No121 мектептің география пәні мұғалімі Абай Әліпов, No26 мектептің биология пәні мұғалімі Әбдірахман Мусаев, обаға қарсы күрес мекемесінің автокөлік жүргізушісі Мирамбек Өмірзақов, аудандық емхана бағдарламашысы Ержан Бәкіров, аудандық емхана сантехнигі Батырұлан Ерімбетов, No5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының электригі Мұхит Қозыбағаров, «Қармақшысушар» өңдірістік учаскесінің қызметкері Данабек Алмашов арнайы алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Туған еліңді сүю – ақылдың ғана емес, жүректің ісі. Осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу, ұрпақтың болашағына жауаппен қарау, ел тыныштығымен қатар рухани бірлікті сақтау – әрбіріміздің парызымыз.
Гүлнар БИСЕНҚҰЛОВА,
«Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының қызметкері
07 мамыр 2024 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 338

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 422

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930