» » Батысқа көмек қолын созған батыр бала

Батысқа көмек қолын созған батыр бала

Биылғы жыл басы еліміз үшін оңай басталған жоқ. Ашығын айтқанда табиғаттың тосын мінезімен бетпе-бет келіп, оған қарсы әрекетпен алдын алуда бас көтермей келеміз. Қазір баршамызға белгілі болғандай еліміздің біраз өңірлерін су басты. Елдегі жомарт жандар қолдан келгенін аямай апат болған аймаққа көмектерін үздіксіз жіберіп жатыр.
Ауданымызда Жастар ресурстық орталығынан гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылған болатын. Күні кеше сол орталыққа жинаған қаражатын алып кішкентай бала келіпті. Батыс өңіріне гуманитарлық көмек қолын созуға келген баланың есімі Дәулет Сымбатұлы.
Ол бүгінде Жосалы кентінде орналасқан №26 орта мектебінің мектеп алды даярлық тобында оқиды. Төтенше жағдайдан зардап шеккен ел тұрғындарына өзі жинап сақтаған қаржысын Дәулет орталық қызметкерлеріне табыстады.

"ҚТ" ақпарат

16 сәуір 2024 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 976
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031