» » Байқоңыр, Төретам, Ақай тұрғындары Қостанай халқына көмек қолын созды

Байқоңыр, Төретам, Ақай тұрғындары Қостанай халқына көмек қолын созды

 Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің тұрғындары Қостанай халқына көмек қолын созды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов хабарлады.
Қостанай облысындағы орман өртін, ондағы халықтың қиын жағдайын Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің жұртшылығы ауыр күйзеліспен қабылдады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, өрттен жапа шеккендердің қиын жағдайына бей-жәй қарамай, олардың қалыпты өмірге жақын күндері қолжеткізуіне байқоңырлықтар, Төретам және Ақай тұрғындары барынша жәрдем беріп жатыр. Осы тұста, «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созу үшін жедел іске кірісіп кетті.
Кеше партияның Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен қостанайлықтарға көмек көрсету мақсатында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы гуманитарлық көмек қабылдау орталығына ең қажетті заттар жеткізілді.
«Апат айтып келмейді» дейді дана халқымыз. Мұндай жағдай кез келген елде, кез келген өңірде орын алуы мүмкін. Қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созу адамгершіліктің ғажап үлгісі, ұлттық дәстүріміз арқылы біздің сүйегімізге сіңген қасиет», – дейді Мақсат Есбенбетов.
06 қыркүйек 2022 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031