» » Сырбойылықтар Қостанай жұртымен бірге

Сырбойылықтар Қостанай жұртымен бірге

Kyzylorda-news.kz. Сырбойылықтар Қостанай өңірінде орын алған табиғи апатқа байланысты зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарына кірісіп кетті.
Осы мақсатта «AMANAT» партиясы облыстық филиалымен Қызылорда қаласы, 7 аудан және Төретам кентінде, барлығы 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылып, сағат 9:00 ден бастап азаматтардан келген көмектерді қабылдауда.
Қабылдау пункітіне алғаш болып өз көмегін жеткізгендердің бірі партия белсендісі, «BIALI»ЖШС–нің төрағасы Асхат Шәукенбаев. Ол осындай қиын сәтте өзінің қостанайлықтармен бірге екенін жеткізіп, барлық жерлестерді жұмыла көмек көрсетуге шақырды. Қостанайлық ағайынға көмекке «AMANAT» партиясы облыстық, қалалық, «Тұран», «Теміржол» филиалдарының ұжымы да ортақ қаржы жинап, азық-түлік өнімдері мен төсек бұйымдарын алуға үлес қосты.
Қазір гуманитарлық көмек қабылдау пункттерінде «Jastar ruhy» жастар қанаты облыстық филиалының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылып, қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шараларына белсене атсалысуда.
Атап өтейік, қабылдау пунктіне тез бұзылмайтын азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешек пен төсек бұйымдары жинақталады. Қаржылай көмек көрсету үшін ертең республика бойынша арнайы есеп шот ашылмақ.
Қазіргі таңда көмек қабылдау пунктерінің жұмысы жалғасып жатыр. Барша жерлестерді қайырымдылық шараға белсенді атсалысуға шақырамыз!

04 қыркүйек 2022 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930