» » Мақтааралға көмек: Қызылорда облысынан 68 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Мақтааралға көмек: Қызылорда облысынан 68 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Қызылорда облысы әкімдігің бастамасымен облыстық жастар саясаты басқармасы жанынан құрылған волонтёрлар штабының ұйымдастыруымен 4 мамыр күні су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында облыстық штаб құрылды, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz

Облыс әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен ерікті жастар атсалысып, 6 және 9 мамыр күндері «СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК» ұранымен Түркістан облысына гуманитарлық көмек жеткізілген болатын.
Бұл жұмыстар жалғасын тауып, Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға Сыр өңірінен гуманитарлық көмектің 3-ші кезеңі жолға шықты.
Қармақшы, Сырдария аудандары және Байқоңыр қаласынан 13 автокөлікпен барлығы 24 тонна азық түлік, 2 тонна жем, 2 тонна киім-кешек, 1 тонна тұрмыстық заттар және 1 бас жылқы, 1 бас сиыр малы жіберілді.
Жалпы 6 мамырдан бастап Сыр жұртшылығы Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.
10 мамыр 2020 ж. 1 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031