» » Азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілді

Азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілді

"AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалы жанынан құрылған партиялық мониторинг және бақылау тобы Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің сауда үйлері мен дүкендеріндегі күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Партиялық мониторинг және бақылау тобының құрамына Төретам кентінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Аралбаев, "AMANAT" партиясы Байқоңыр
филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов, Қармақшы аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі С.Жумадьяров, партияның Байқоңыр филиалының Партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Ғ.Бердекеев және БПҰ төрағалары кірді.

Зерделеу жұмыстары барысында мониторингтік топ кәсіпкерлермен тілдесіп, ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

Мониторинг қорытындысына сәйкес тиісті ұсыныстар әзірленіп, жауапты мекемелерге жолданады.
29 шілде 2022 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031