» » Партиялық мониторинг жүргізілді

Партиялық мониторинг жүргізілді


«Nur Otan» партиясы Байқоңыр филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Төретам кентіндегі сауда орталықтарында, шағын маркет пен азық-түлік дүкендерде санитарлық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында кейбір сауда орталықтары, шағын маркет пен азық- түлік дүкендерде бетперделік режимі мен кезегін күтіп тұрған тұрғындар арасында қауіпсіз арақашықтық сақталмағандығы байқалды.

Мониторинг қорытындысы бойынша Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан кәсіпкерлік нысандар иелеріне тиісті ескертулер мен ұсыныстар берілді.

Атап айтқанда, кезегін күтіп тұрған тұрғындар арасында қауіпсіз арақашықтың сақталуын бақылау, бетперделік режимін қатаң сақтау, антисептикалық құралдар мен қолғаптарды міндетті түрде пайдалану.

Мониторинг барысында берілген ескертулер мен ұсыныстардың орындалуы Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан бақылауға алынды.

Алдағы уақытта мониторинг жұмыстары жалғасады.

02 ақпан 2021 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031