» » Қармақшылықтар игі істен шет қалмады

Қармақшылықтар игі істен шет қалмады

Қостанай облысындағы өрт апатынан зардап шеккен отандастарымызға Қармақшы жұртшылығы да өз көмек қолын созып, қиын-қыстау күнде өздерінің бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті.
Аталған жағдай бойынша хабар берілгеннен бастап «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалы жанында гуманитарлық көмекті қабылдау пункті ашылып, өз жұмысын бастаған болатын.
Қабылдау пунктіне заттай және қаржылай көмектер беріліп, азық- түлік, киім- кешек және тағы да басқа тұрмысқа қажетті тұтыну заттары алынды. Облыс орталығында еріктілердің көмегімен жинақталған гуманитарлық көмек жүк машинасына тиеліп, Қостанай өңіріне жіберілді.
Осы ретте дүйім қазақ халқының басына түскен қиын күндерде ауызбіршілік танытып, өз үлесін қосқан облыстық мәслихат депутаты Орынбасар Төлепов мырзаға, аудандық мәслихат депутаттары Жомарт Жалғасбаев мырзаға, Зарипа Тасымова ханымға, Бақытжан Нысанбаев мырзаға, «Достық жер МК» ЖШС-і басшысы Бекир Набиев мырзаға, "Ораз ахун ЛТД" басшылығына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Аспанымыз ашық, әрдайым бейбітшілік заман болсын.
07 қыркүйек 2022 ж. 816 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 112
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 311

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031