» » Қармақшылықтар көмек қолын созуға дайын

Қармақшылықтар көмек қолын созуға дайын



Қармақшы ауданының әкімдігі және аудандық «Жастар ресурстық орталығы», «Демеу» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Тұрмағамбет» ЖШС мен «Достық Жер МК» ЖШС шаруашылықтарының қолдауымен Арал өңіріндегі шаруаларға қайырымдылық мақсатта мал азағы жөнелтілді.
Өздеріңізге белгілі Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.
Осы мақсатта аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының және «Демеу» еріктілер тобының бастамасымен ауданымыздағы ірі шаруашылық құрылымдарымен келісіп қуаңшылықтан зардап шеккен Арал өңірінің шаруаларына аудан жастары тарапынан қайырымдылық көмектері ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі «Достық Жер» шаруашылығы 200 және «Тұрмағанбет» ЖШС тарапынан 300 дана пресс шөпті қайырымдылық мақсатта көмекті қажет ететін өңірге жіберілді.
Алдағы уақытта да аудан тарапынан Арал өңіріндегі қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек көрсету мақсатында заң шеңберінде тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 шілде 2021 ж. 985 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 192

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 308

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930