» » Мемлекеттік қызметкерлер қайырымдылық жасады

Мемлекеттік қызметкерлер қайырымдылық жасады

Мемлекет басшысының үстіміздегі жылды «Волонтерлар жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Осы ретте елімізде түрлі волонтерлік қызметтердің дамуына тың серпін берілді.
Қармақшы ауданының мемлекеттік қызметкерлері де еріктілер жылында қайырымдылық ізгі істерге өз үлестерін қосып келеді.
Ауылдық округ әкімдері тарапынан елді – мекенде тұратын 44 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға (отын,көмір ,азық-түлік,күріш) қайырымдылық жасалған болатын.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығы мен Жаңа жыл мерекелеріне орай аудандағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрмысы төмен, жалғыз басты, көп балалы 65 отбасына азық-түлік пен қайырымдылық көмектері берілді.
Қайырымдылық шаралары барысында ауданымыздағы барлығы 109 отбасына қайырымдылық көмектері көрсетілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 желтоқсан 2020 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930