» » Қазақстан-мейірімділік мекені

Қазақстан-мейірімділік мекені

"Қазақстан-мейірімділік мекені" республикалық іс шаралардың өңірлік іс шарасына сәйкес Қармақшы аудандық білім бөлімі жұмыс жасауда. №279 мектепте наурыз айында «Мейірбандық- кісіліктің үлгісі» қайырымдылық іс- шарасы ұйымдастырылды. «Мейірбандық- кісіліктің үлгісі» қайырымдылық іс- шарасына демеушілер тарту мақсатында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалына, «Бәйтерек» акционерлік қоғамына, жеке кәсіпкерлер таратылып,өз үлестерін қосып ат салысуға шақырылды. Кәсіпкерлер, мектеп әкімшілігі және мұғалімдер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен 20 оқушыға оқу құралдары, мектеп формасы, аяқ киімдер, азық-түліктер берілді. №273 мектепте 6 «Ә» сынып оқушысы Утегенова Маликаның жеке шығармашылық концерті өткізіліп, концерттен түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі оқушыларға сыйлықтар берілді. Қонақ ретінде ата-аналар шақырылып, өз жылы лебіздерін білдірді. Басқа сынып оқушылары да қалыс қалмай, өз әндерін паш етті. Игі істер жалғасын таппақ.

14 наурыз 2019 ж. 1 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 180
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 745

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031