» » Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша кеңейтілген кезекті алқа отырысы өткізілді

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша кеңейтілген кезекті алқа отырысы өткізілді

Бүгін аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның басқаруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өзекті мәселелері бойынша кезекті кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары және балабақша бойынша есепшілер қатысты.

Күн тәртібі негізінде білім бөлімінің бас экономисті Б.Әбілдаева мемлекеттік балабақшаларға жүргізілген қаржылық зерделеу бойынша жұмыстардың қорытындысына тоқталды.
Білім беруді дамыту секторының бас маманы Г.Исламханова Жосалы кентінде орналасқан №2 «Жұлдыз», №6 «Айсұлу», №20 «Толғанай» бөбекжай-бақшаларын зерделеу бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысына тоқталып, балабақшалар бойынша жұмыс барысындағы кемшіліктерді атап көрсетті.

Сонымен қатар Г.Исламханова балабақшалар бойынша бірыңғай кезектілік жобасы аясында атқарылуға тиісті жұмыстарға кеңінен тоқталып, түсіндірме жүргізді.

Білім бөлімі басшысы Г.Абдазиева күн тәртібіндегі көтерілген мәселелерге арнайы тоқталып, мектепке дейінгі ұйымдарда оқу- тәрбие жұмыстарының жүйелі жүргізілуін,қаржылық зерделеу бойынша аталған кемшіліктерді жою жөнінде, Ұлттық біріңғай білім беру деректер қорының сапалы толтырылуын үнемі бақылауға алу керектігін,барлық балабақшалар бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілу керектігіне тиісті шешім шығарып, сала қызметкерлері мен жауапты басшыларға тапсырмасын жүктеді.

Сондай-ақ, алқа мәжілісінде аудан әкімдігінің санитарлық-тазалық және көркейту көгалдандыру жұмыстарына қатысты білім беру ұйымдары бойынша көтерілген мәселелері талқыланып, балабақшалар тазалығына қатысты кемшілік орын алған басшыларға атқаруға тиісті жұмыстар барысындағы жауапты мамандарының жауапкершіліктерін қарауды тапсыра отырып, аудандық білім бөлімі тарапынан берілетін тапсырмалардың сапалы орындалуын міндеттеді.

05 сәуір 2024 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930