» » Жаңа келбетті ЖАҒАЖАЙ

Жаңа келбетті ЖАҒАЖАЙ

Халқымызда «Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген қанатты сөз бар. Еңбегі мен еңсесін тіктеп келе жатқан еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді. Уақыт алға жылжыған сайын Қармақшы өлкесі де көштен қалмай дами түсуде. Ауданда жыл сайын жаңа жарқын бастамалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде ауылдың келбетін жақсарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына ерекше ден қойылған.
Аудан орталығы Жосалы да біраз жаңарғаны анық. Кәсіпкерлік нысандар саны көбейіп, олар кентіміздің дәулетіне сәулет қосуда. Көшелер жөнделіп, түнгі жарықтар кент ажарын ашып тұр. Дәмханалар, ойын-сауық орталықтары, мекемелер тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, заман талабына сай салынған спорт кешені, автовокзал, мейрамханалар мен автокөлік жөндеу шеберханалары, мемлекет тарапынан ел мүддесіне арналған заманауи үлгідегі мектеп, балабақшалар, әлеуметтік нысандар да керемет көрінісімен кентке әсемдік сыйлап тұр.
Осы ретте, ерекше айта кетерлігі, көптің көңілінен шыққан жобаның бірі – жағажайдың жаңа келбетке енуі. Бұл да кентімізге ерекше көрік қосуда. Таза ауамен тыныстап, сейіл құруға да ыңғайлы. Әрі қауіпсіздік те қаперге алынған. Кенттің екі шетіне ерекше көрініс, жинақылық пен сұлулық сыйлаған орын туралы анығырақ білмекке жауапты мамандармен байланыстық.
– Шығыс каналының жағасын «Фараб құрылыс» ЖШС мекемесі абаттандырса, Тәуекелов көшесін «АлиПроектConstruction» ЖШС мердігер мекемесі қолға алған болатын. Қазіргі таңда келісім-шарт бойынша жұмыстар толық аяқталған. Тұрғындардың келуіне мүмкіндік жасалған, – дейді кент әкімінің орынбасары Бақытбек Жылтыров.
Аудандағы мұндай өзгеріске кент тұрғындары дән риза. Расымен де жыл сайын жаңа жобалар қолға алынып, нәтижесіне де көп күттірмей қол жеткізіп жатырмыз. Кейде жоқты тізе бермей, барымызды да бағамдап, ризашылық білдірген де жөн.
– Қазіргі жағдайды бұрынғы кезеңмен салыстыруға келмейді. Бүгінде кент келбеті көркейген. Аудан орталығына кіреберістен бастап көшелер қалыпқа келтіріліп, жолдар жөнделуде. Түнде көшелер жап-жарық. Кентте кәсіпкерлік нысан көп. Олар да өз жұмыстарын кеңейтуде. Көптеген тұрғын үй салынып жатыр. Тұрғындардың жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасалуда. Жағажай да кент үшін әдемі орынға айналуда. Аудан орталығының көркейгені – бәрімізге ортақ қуаныш, – дейді кент тұрғыны Қайрат Әлібаев.
Әлбетте, осынша жұмысқа кеткен қаржы көлемі де ауқымды. Мұның барлығы – мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек пен аудан, кент әкімдігінің ұйымдастыру жұмысының жемісі. Әрине, алда атқарылатын істер легі әлі де көп. Көркейіп келе жатқан өлкеге көктемгі көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарының нәтижесі ерекше сән беріп тұр. Ауданға келген қонақтар, аудан тұрғындары соңғы жылдарда өркендеген, гүлденген Жосалының дамуына лайықты баға беретініне сенім мол.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
05 сәуір 2024 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 297

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 395

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930