» » Кент көркін кіргізген жаңа нысан

Кент көркін кіргізген жаңа нысан

qarmaqshy-tany.kz КƏСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЕРЕКШЕ ДЕН ҚОЙҒАЛЫ ТҮРЛІ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП, БИЗНЕСТІҢ БƏСІ ЖОҒАРЫ БОЛЫП ТҰР. СОНЫҢ БІРІ – ЖАҚЫНДА АУДАНДА ТАҒЫ ДА КӨРІНІС ТАПТЫ. АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ «1001 ҰСАҚ» АТАЛЫП КЕТКЕН ШАҒЫН ДҮКЕН БИЫЛ ЖОБА АЯСЫНДА ҚАЙТАДАН ЖАҢАДАН САЛЫНЫП, «ЗҰЛҚАРНАЙ» 1001 ҰСАҚ ДҮКЕНІ БОЛЫП ХАЛЫҚҚА ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы, ауданның зиялы қауым өкілдері және кәсіпкерлер қатысып, нысанның ашылуына куә болды. Жеке кәсіпкер Бақытбек Қалыбаев 2008 жылы кент орталығынан «1001 ұсақ» үйге қажетті тауарлар дүкенін ашып, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келді. Енді жаңа ғимаратта жаңа тұрмыстық заттар мен басқа да бұйымдарды арзан бағада ұсынуда. Аудан басшысы нысанның ашылуымен құттықтап, лентасын қиды.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, мем лекет тік бағдарламалардың арқа сында тиімді жобалар жүзеге асып, еліміздегі кәсіпкерлерге дем берілуде. Соның ішінде ауданымызда кәсіп ашқысы келгендерге де қолдау көрсетіліп, ойлаған мақсаттары жүзеге асырылуда. Кентімізде ашылғалы тұрған жаңа сауда үйі тұрғындарға сапалы қызмет көрсетсін деп тілейміз. Алда әлі ауқымды жобалар көп, ауданымыз жыл сайын көркейіп, дами берсін, – деді аудан әкімі Жандос Еркінбек.
Аудан орталығынан ойып тұрып ашылған «Зұлқарнай» сауда үйі заманауи үлгіде салынған. Іші кең, тұрғындарға керектінің бәрі бар. Ашылғаннан-ақ саудасын қыздырған тұтынушылардың бүгінде қарасы қалың. Қазіргі таңда кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл ауданда жыл жаңалығы ретінде ірі кәсіпорындар кезеңімен жұмысын бастап, нәтижесін беруде.
Ерсін ӘЛІБАЙ
05 желтоқсан 2023 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 865
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30