» » Жеміс-жидек дүкені ашылды

Жеміс-жидек дүкені ашылды

qarmaqshy-tany.kz Қазір кәсіп ашып, бизнесімді дамытамын дегенге мемлекет тарапынан қолдау көп. Жақында кент орталығынан жаңа кәсіптік нысан тұрғындарға есігін айқара ашты. «Адина» сауда үйінің иесі, жеке кәсіпкер Нағима Тоқсанбаева Орталық алаң жанынан екінші «Адина» жеміс-жидек сауда дүкенін ашып, жұртшылыққа арзан бағадағы өнімдерді ұсынды.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов және аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Наятұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Аудан бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері 4816 бірлікті құраса, оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны – 4445 бірлік. Ал кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылған адам саны биылғы жылдың 2 тоқсанында 5022 адамды құраса, өндірілген өнім көлемі – 4,4 млрд теңгеге жетті. Кентімізде тағы кәсіпкерлік нысан ашылып, ел игілігіне беріліп отыр. Бұл ауданымыздың даму жолындағы оң динамикалық көрсеткіш болмақ. Сол үшін мемлекет тарапынан ұсынылып отырған бағдарламаларды іске асыра отырып кәсіпкерлік нысандарды көбейтуіміз керек. «Адина» жеміс-жидек сауда дүкенінің ғұмыры ұзақ болып, арзан бағадағы өнімдерімен халықты қуанта берсін, – деді аудан басшысы.
Жиын барысында жаңа нысанның лентасы қиылып, тұрғындарға есігі айқара ашылды. Кәсіпкер Нағима Тиышбекқызы өз қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар қосымша кәсіп ретінде ашып отыр. Іші кең, жарық ғимаратта жеміс-жидек өнімдерінің барлық түрі бар. Бағасы нарық бағасынан қолжетімді. Мұнда келгендерге қызмет көрсетуге төрт адам жұмыспен қамтылған. Әрбір келген тұтынушылардың да көңіл күйі жоғары. Себебі іздегенін осы жерден тапқанына қуанышты.
– Біріншіден кентімізде осындай қажетті нысандардың көбейгеніне қуаныштымыз. Халыққа оң пайда- сы тисе, ауданның дамуына өзіндік үлесін қосуда. Екіншіден қала асып, жол шығынын құртпаймыз. Енді керектінің барлығы өзімізде де бар. Тек бағасы арзан болып көтеріліп кетпесе, тұтынушылардың келуі көбеймесе азаймайды деп ойлаймын. Осындай елге оң іс жасап отырған кәсіпкерге айтар алғысымыз шексіз, – дейді кент тұрғыны Динара Ибраева.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 желтоқсан 2022 ж. 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 176
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031