» » Жосалы кентінде жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

Жосалы кентінде жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы ауданы Жосалы кентінде «Ғибрат ас үйі» мейрамханасы ашылды.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев қатысып, қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалып келетіндігін және облыс көлемінде жарияланған жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 3 жылдығы аясында аудан орталығымен қатар кент, елді мекендерде де кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар саны артқандығын, кәсіпкерлік нысандары көбеюуде екенін, сондай-ақ бүгінгі ашылып отырған жаңа мейрамхананыңда тұрғындарға сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуіне тілектес екендігін жеткізді.
Аудан орталығынан ашылған «Ғибрат ас үйі»мейрамханасының сыйымдылығы 200 орын. Жергілікті халыққа ас беру және басқа да салт-дәстүрлер шеңберінде шаралар (халал) өткізу үшін қызмет көрсететуге арналған.
Жоба бастамашысы «Әмбебап» ЖШС-нің басшысы Үрзада Бекмұрзаева өзінің жылы лебізін айтып өтті.
Кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен салынған жаңа нысанда бүгінгі күнде 8 жұмыс орындары ашылып, болашақта халыққа қызмет көрсететін болады. Жаңа кәсіпкерлік нысан құтты болсын.
26 қараша 2022 ж. 1 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 891
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930