» » Аудан әкімі орынбасарының кездесулері Жосалы кентінде қорытындыланды

Аудан әкімі орынбасарының кездесулері Жосалы кентінде қорытындыланды

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев бастаған жұмысшы топтың халықпен кездесулері Жосалы кентінде өтті. Бұл кездесуге дейін 12 ауылдық округпен Төретам кентінде өткен болатын.
Кездесулердің мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларын тұрғындарға түсіндіру және ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев ашып, жүргізіп отырды.
Еркін форматта өткізілген жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы «Бұл жұмыстарды ұйымдастырудағы себебіміз кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтардың сауалдарына жауап беру, тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық жағдайын көтеру, әрбір отбасына кәсіппен айналысуға жағдай жасау, ауданымызда мал шаруашылығын дамыту мен орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Бүгінгі кездесу Сіздер үшін табысты бизнес ашудың бастамасы болып, әрбір идеяларыңыздың жүзеге асуына бірлесе жұмыс жасаймыз», – деді.Сонымен бірге кездесуде аудан әкімінің орынбасары қазіргі таңда жаңа кәсіп ашып айналысқысы келетін тұрғындарға мемлекеттік қолдау шаралары жайлы нақты айтып өтті.
Жосалы кентіндегі кездесуге қаржы ұйымдарынан арнайы келген «Халық Банкі» АҚ Байқоңыр өңірлік филиалының кіші бизнесті сату орталығы басшысы Р.Утепов, «ҚазАгроФинанс» АҚ директоры О. Қарақожаев, «Даму» қорының менеджері Т.Мұхамбетов қатысып, орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылып жатырған шараларға тоқталды.
Кездесу барысында Жосалы кентінің әкімі Ш.Сыдықов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Әбдікеров, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ә.Омаров, «Жұмыспен қамту орталығының» директоры О.Мұнарбаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Еркебаев сөз сөйлеп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптарын берді.
Осы ретте кент тұрғындарына арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдері мемлекеттік бағдарламаларды оның ішінде «Бизнес – Бастау», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы -2025», «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» т. б. бағдарламалары тұрғындарға түсіндірілді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев әрбір сала бойынша ұсыныстар жинақталатынын жеткізіп, тұрғындардың сауалдарын тиісті сала басшыларына заң аясында қарастыруды тапсырды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

10 наурыз 2021 ж. 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031